299754572_1717646941939743_4458180408553298478_n

? Қазақстан OLIMPBET-Кубогының ½ және ¼ кезеңдерінің жеребесі тартылды

Футбол үйінде 2022 жылғы маусымның Қазақстан OLIMPBET-Кубогының ½ және ¼ кезеңдерінің жеребесі тартылды.
Іс-шараның қорытындысы бойынша жарыстың ¼ финалында келесі жұптар ойнайды:
«Тараз» — «Шахтер»
«Қайрат» – «Ақжайық»
«Астана» — «Мақтаарал»
«Қайсар» – «Ордабасы»
Қазақстан OLIMPBET-Кубогы ½ және ¼ кезеңдерінде жеңімпаз бір ойын қорытындысы бойынша анықталып, жұптарда бірінші көрсетілген командалардың алаңдарында өтеді.
Жартылай финалдың бірінші жұбының жеңімпазы Қазақстан OLIMPBET-Кубогы финалының номиналды қожайыны болады. Жарыс финалының өтетін орны туралы ақпарат қосымша хабарланады.

Comments are closed.