299723365_1716848105352960_6502710137256919646_n

Қазақстан Кубогының ширек финалының барлық қатысушылары анықталды

Футболдан Қазақстан OLIMPBET-Кубогының топтық кезеңі аяқталды. Оның қорытындысы бойынша ¼ финалдың барлық қатысушыларының тізімі белгілі болды.
Жарыстың ширек финалында «Қайрат», «Ордабасы», «Қайсар», «Ақжайық», «Тараз», «Мақтаарал», «Астана» және «Шахтер» ойнайды.
Кубоктың аталмыш кезеңі мен жартылай финалының жеребесі 16 тамызда Футбол үйінде тартылады.
Жарыстың ережесі бойынша ¼ және ½ кезеңдеріндегі кездесулердің жеңімпаздары бір ойын қорытындысы бойынша анықталады.
Өз топтарында бірінші орын алған командалар ширек финалда қарсыластарын өз алаңдарында қабылдайды.

Comments are closed.