«Ордабасының» бас бапкері «Атыраумен» болған жеңісті ойын жайлы пікір білдірді (2:0).
— Бүгін ауыр жеңістердің біріне куә болдық. Біз ойынға аздаған уақыт қалғанда жиналдық, ұлттық құрама ойыншылары ойын қарсаңында қосылды. Ойыншыларға қаншалықты қиын болғанын түсінемін, олар акклиматизацияны бастан кешті. Бүгін моральдық тұрғыда көбіне жеңіске жетіп жаттық. Футболшыларыма біріншіден, алаңда тұтас команда болып ойнағандары үшін алғыс айтамын және қосалқы құрам ойыншыларына да рахмет. Соңғы сәттерде біздің қосалқы құрам қысымды көтеріп, ойын соңында қақпамыздағы қауіпті сейілтті. Біз өте маңызды үйдегі ойында жеңіске жеттік. Команда чемпионат пен кубокқа таласу үшін өз мақсатына толыққанды ұмтылады деп сенемін. Біз өзімізге сенеміз және екі жақта да сәтті өнер көрсету үшін тырысатын боламыз.