Шымкенттік клубтың бас бапкері «Ордабасы» — «Ақтөбе» (2:2) ойыны жайлы пікірін айтты
— Қызық әрі ұрысқа толы матч. Әлбетте мұның бәрі жанкүйерлердің арқасында, 0:2 есебіне қарамастан біз бұл жайтқа уақытында назар аудардық. Алғашқы таймда жолымыз болмай, шабуылда қолымыздан ештеңе келмеді. Ойыншылар ауысып, матчқа көп күш пен агрессия қосты, нәтижесінде екі бірдей гол соғылды. Бізде чемпионатта бір ойын және Кубокта тағы бір ойын қалды, бұл матчтарға эмоциямыз бен ойыншыларымыздың саны жетеді деп үміттенемін. Мен барлық ойыншылардың кубоктағы финалдық ойынды асыға күтуін түсінемін, бізде әлі чемпионат кездесуі бар. Біз бүгін маусым бойы қолдау көрсеткен жанкүйерлеріміздің көңілін түсіргіміз келмеді, оларсыз біз ситуациядан шыға алмайтын да едік. Сол себепті жеке менен және ойыншылардың атынан жанкүйерлерге алғыс айтамыз, біз әрдайым олардың қолдауын сеземіз, бұл жай сөздер емес бұл шынымен де солай. Ойыншылар бірінші тайм үшін ұялуда, эмоциялар аса көп емес, Құдайға шүкір олар өз қателіктерін жуып шайды.