«Ордабасының» бас бапкері Қазақстан Кубогының финалы жайлы пікірін айтты (5:4)
— Айтарлықтай эмоциялар қалмады, матч барысында ойын бірде бір жаққа, бірде екінші жаққа ауыса берді. Сәттілік пен жол болғыштық элементі түсінікті болып кетті. Мен өз атымнан қарсыласқа алғыс айтамын, мұндай жеңіліс ауырға соғады, ойын өте ауыр болды және командалар алаңда бар күштерін салды. Қосалқы уақыт жарқын сәттерден тұрмады, себебі барлығы жеңіске жеткісі келді. Құдайға шүкір, футболшыларым оң нәтижеге соңына дейін сеніп, өз мақсатына жетті. Барлығына, әсіресе жанкүйерлерге маусым бойы көрсеткен үлкен қолдауларынп алғыс айтамын.