«Ордабасының» қақпашысы Бекхан Шайзада Қазақстан OLIMPBET-Чемпионатының 5-туры аясында өткен «Ақтөбеге» қарсы матч туралы пікірін айтты.
— Ойын өте тартысты өтті. Екі команда үшін де бұл матчтың маңызы зор болды. Екі жақ та үш ұпай үшін ойнап, жеңіске жетуді көздегені анық. Бізге жеңіске жетуге сәттілік жетпеді дей аламын.
— Өз алаңымызда «Ақтөбеге» қарсы матч өткізу қосымша жауапкершілік артты ма?
— Өз алаңымызда өткізетін әрбір матч маңызды. Өйткені бізді қолдауға келген жанкүйерлердің алдында жауапкершілікті сеземіз. Қай команда келсе де тек жеңіс үшін ойнайтынымыз анық. Өз алаңымыздағы әрбір матчта ұпайымыз толық болғанын қалаймыз.
— Тең есеп әділ деп ойлайсың ба? Жеңіске жетуге не жетпеді?
— Біз өз алаңымыздағы барлық ойынды жеңуіміз керек. Сондықтан тең есеп бізді қанағаттандырмайды. Жеңіске жетуге шабуыл шебінде сәттілік жетіспеді. Құдай қаласа, алдағы ойындарда жеңіске жетуге тырысамыз.
Жанкүйерлерге алғысымды айтқым келеді. Стадиондағы атмосфера өте керемет болды. Әрбір жанкүйердің қолдауына алаңда жүрген барлық футболшы сезінді деп ойлаймын. Бізді қолдауға келген әрбір қала тұрғыны, «Ордабасының» жанкүйерлеріне және «Техас Фансқа» ерекше рахмет.