Санто Сайт

SANTO — жаңа серіктес

«Ордабасы» футбол клубы мен SANTO фармацевтикалық компаниясы ынтымақтастық туралы келісім жасады.

SANTO – 12 фармакотерапиялық топта 240-тан астам жалпы препараттар портфелі бар Қазақстанның фармацевтикалық нарығының көшбасшысы.

Ынтымақтастық барысында қос тарап тәжірибе алмасып, біріге жұмыс істейді. Сондай-ақ «Ордабасы» футбол клубының медициналық штабы SANTO өнімдерімен қамтамасыз етіледі.

Бұдан бөлек, медиа саласына да көңіл бөлінеді. Жанкүйерлерді SANTO фармацевтикалық компаниясымен бірлескен ауқымды спорттық іс-шаралар мен матчтар, қызықты түрлі акциялар күтеді.

Comments are closed.