«Ордабасының» бас бапкері Александр Седнев Қазақстан OLIMPBET-Чемпионаты аясында өткен «Атырауға» (1:1) қарсы матч туралы айтты.
— Өте ауыр және қызыққа толы матч болды. Футбол эстетикасы тұрғысынан біздің ойынымыз жақсысы болмаған шығар. Бірақ жүйкеге тиетін, қызыққа толы ойын болды. Әсіресе, екінші таймды атап өткен жөн.
Сондықтан ешбір команда жеңіліске лайық болды дей алмаймын. Жеңіске де мына команда лайық деуге келмейді. Сол себепті есеп әділ болды.
Қазір ойыншылар демалып, қалпына келуіне аз ғана уақытымыз бар. Өйткені қатарынан өткен мына матчтар ойыншыларға барлық жағынан әсер етті. Не дегенмен, ойыншыларымызға рахмет. Олар ойынды құтқару үшін бәрін істеді. Қарсыласымыз мықты болды, оларға лайықты бағасын беру керек.