DSC02930

Артем Беседин «Жетісуға» қарсы матч туралы

«Жетісуға» қарсы матчта жеңіс голдарының біреуін соққан Артем Беседин матч туралы пікірін айтты:

— Доп аяғыма тиген соң, ойынды өз қолыма алдым. Құлап бара жатқанда допқа екі мәрте тиіп үлгердім. Осылайша шабуылды түйіндедім. Доп болса бұрышқа бағытталып, әдемі топ ете түсті. Бәрі осы гол үшін еңбектенді. Команда голды логикалық аяғына дейін жеткізе алды. Осының арқасында үш ұпай ала алдық.

Гол соққан соң, ерекше сезім болды. Бірақ мұндай сезімді алғаш сезініп тұрған жоқпын. Жарақаттан соң сенім білдірудің маңызы зор екенін түсінемін. Бапкерлер штабына сеніп білдіріп, негізгі құрамнан орын бергені үшін алғыс айтамын.

Маған осы ойындарда алаңға шығу маңызы болды. Допты сезініп, алаңды сезініп, қақпаны сезініп дегендей. Ең бастысы, гол соғып, жеңіске жете алдық. Ең бастысы үш ұпайымызды алдық. Алда әлі жұмыс көп. Келесі матчта да жеңіске жетеміз деп үміттенемін. Осылайша сұраққа жауап беріп, чемпион атанамыз!

Comments are closed.