«Ордабасы» капитаны Асхат Тағыберген Meta-ratings.kz басылымына берген сұхбатында мансабындағы бесінші чемпиондық туралы айтты.
– Керемет әсер. Бесінші чемпиондығым болса да, әрқайсысында алғаш алғандай әсер алдым. Командаға, жанкүйерлерге және басшылыққа алғысымды айтамын! Барша Шымкент халқын чемпиондығымен құттықтағым келеді.
– Бес чемпиондығыңыздың қайсысы ерекше?
– «Ақтөбемен» чемпиондық жақсы әсер қалдырды. Өйткені алғашқы чемпиондығым еді. Десе де биыл ерекше болды. Өйткені өзім үлесімді қостым, оның үстіне Шымкентте мені өте жақсы қабылдады.