«Ордабасының» жартылай қорғаушысы «Шахтерға» қарсы жеңісті ойын жайлы (1:0):
— Кездесу ауыр өткенімен, жеңістің лайықты екеніне ешкімнің күмәні жоқ деп ойлаймын. Алғашқы таймда мен екі бірдей жүз пайыздық мүмкіндікті қолдана алмадым, сол кезде гол соққанымда екінші таймда қиналмас едік. Тапсырма тек біреу — жеңіске жету болды және біз мұны жасай алдық. Атмосфераны сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Жанкүйерлерімізге осындай ғажап қолдаулары үшін алғыс айтқым келеді!