«Ордабасының» бас бапкері OLIMPBET-Қазақстан Кубогы аясында өткен «Астанаға» қарсы матч туралы:
— Күреске толы матч болды. Гол соғатын мүмкіндік көп болған қызыққа толы матч деп ойлаймын. Өкінішке қарай, матчта жеңілдік. Бірақ дуэльде жеңілген жоқпыз. Екі команданың айқасы әлі аяқталған жоқ. Алда өз алаңымыздағы матч күтіп тұр. Оған дейін уақыт бар. Оған қоса чемпионаттың ойыны бар.
Матчқа келер болсақ, ойынды жақсы бастадық. Шабуылда ширақ болдық. Десе де шабуыл шебінде сенімділік жетіспей тұрғандай көрінді. Мүмкіндіктерімізді голға айналдыра алмадық. Осы сәтте футболшыларымыз өзіне сене алмағандай көрінді. Бірақ мықты қарсыласқа, шебер футболшыларға қарсы өз ойынымызды көрсете алғанымыз ұнайды.