«Ордабасының» бас бапкері Александр Седнев Қазақстан OLIMPBET-Чемпионатының 3-тур аясында өткен «Жетісуға» қарсы матчты қорытындылады.
— Өте қиын матч. Өкінішке қарай, матчты әлсіздік бастап, ойынға нашар араластық. Бірақ артынша жеке шеберлік пен жеке-дара әрекеттердің арқасында екі доп соға алдық.
Бірінші таймда сылбыр қимылдаған секілді көріндік. Бұған жасанды алаңнан табиғи алаңға ауысуымыз себеп болды. Десе де футболшыларымыз жарады. Олар тактикалық тұрғыда сенімді ойнады. Қарсыласымызға алыстан соққы жасаудан басқа мүмкіндік бермедік.