_CwCEHPBw9w

Александр Седнев: «Ойын екінші таймның алғашқы минуттарында жасалды»

Шымкенттіктердің бас бапкері «Астанамен» болған ойын жайлы пікірін айтты

— Кездесу екінші таймның алғашқы минуттарында жасалды. Барлық гол, ақылға сыймайтын, кірмейтін голдар, команданың ұтылысы. Бір жағынан өте ауыр жеңіліс, ал екінші жағынан көптеген ойыншыға артық сөз айта алмаймын, себебі біздің ауысым құрамы үлкен емес, көбісі ауыруда және жігіттер өз бабында емес. Оған себеп бар, басты себеп ол — мен, себебі стратегиялық сәттер бар, алдағы ойындар үшін өте көп жұмыс істейміз. Сол себепті бұл менің қателігім, мен ойынды толыққанды өткіземіз деп ойладым. Өкінішке орай, барлық ауысымдарды мәжбүрлі түрде жасадық және ойыншылардың жетіспеуі нәтижеге әсер етті. Кінә менде жатыр, оларды бүгін матчқа шығармау қажет еді, себебі вирус командамызға жаман жағынан әсер етті.

Comments are closed.