«Ордабасы» футбол клубы УЕФА Конференция лигасы 2-іріктеу кезеңі аясында өтетін Польшаның «Легия» футбол клубына қарсы матчына бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін аккредитациялауға өтініш қабылдауды бастайтынын хабарлайды.
Өтінімдер 2023 жылдың 24 шілдеге дейін қабылданады. Сіздің кандидатураңызды қабылдау үшін БАҚ аты, аты-жөніңіз, қызметіңіз және байланыс дерегі көрсетілген өтінімді rysdauletaibar@gmail.com электронды мекенжайына жіберу қажет.
«Ордабасы» футбол клубының баспасөз қызметі аккредитацияны беруден бас тартуға құқылы. Басқа сұрақтар бойынша +7 707 737 31 07 нөміріне хабарласуыңызды сұраймыз.
ЕСКЕРТЕМІЗ! Орын саны шектеулі болғандықтан клуб БАҚ өкілдері тізімін қысқартуға құқылы! Сондай-ақ аккредитацияланбаған БАҚ матчта жұмыс істей алмайтынын ескертеміз!