Құрметті оқырмандар,
«Ордабасы» командасының жанкүйерлері, сіздерге клубтың реми инстаграм аккаунтына байланысты айтылып жатқан алып-қашпа әңгімелерге түсініктеме беруді жөн санадық.
Бірден айта кетейік, goalkz порталы хабарлағандай клуб аккаунтты әдейі өзгертпеді және ешкімге берген жоқ.
2022 жылы «Ордабасы» клубының баспасөз хатшысы яғни, медиа-офицерімен жасалған келісім шарт аяқталып, орнына басқа қызметкер тағайындалған болатын. Осы тұста баспасөз хатшы жұмыстан кетер кезде клубтың ресми инстаграм парақшасын жеке өзі ашқанын алға тартып, өзімен бірге алып кететінін айтты. Басшылық бұл шешімнен соң жаңа парақша ашуды жөн көрді. Сәйкесінше, бұрынғы баспасөз хатшы аккаунттың атауын өзгертіп, материалдарды өшіруді бастады.
Енді клубтың ресми инстаграм парақшасы fc__ordabasy. Сонымен қатар, бұдан былай клуб басшылығы және баспасөз хатшысы ауысса да жаңа аккаунт клубқа тиесілі болып қала береді.
Ең соңғы және дұрыс ақпараттар осы жерде жарияланатын болады. Тіркелуді ұмытпаңыздар!