photo1687322871

Конференция лигасы іріктеу кезеңі: форматы және күнтізбе

2023/24 жылғы Конференция лигасының іріктеу кезеңі 13 шілдеде басталып, 30 тамызда аяқталады. Толығырақ түсіндірейік.

Топтық кезеңге іріктеу кезеңінде үздік шыққан 22 команда жолдама алады. Ал Еуропа лигасы іріктеу кезеңінің плей-офф сынында жеңіліс тапқан 10 команда да Конференция лигасының топтық кезеңіне түседі.

P.S. «Ордабасы» футбол клубы Конференция лигасын екінші кезеңнен бастайды. Алғашқы қарсыласымыз бүгін анықталады. Трансляцияны көру үшін осы СІЛТЕМЕГЕ өтіңіз.

Бірінші іріктеу кезеңі

Қатысушылар саны — 62
62 тікелей жолдама иегерлері

Уақыты
Жеребе: 20 маусым
Алғашқы ойындар: 13 шілде
Қарымта ойындар: 20 шілде

Формат
Командалар үйде және қонақта бір-бірімен жұптасып ойнайды. Екі матчтар тұратын 31 айқастың жеңімпаздары екінші кезеңге жолдама алады. 

Жеңіліс тапқандар үшін еурокубок маусымы аяқталады.

Екінші іріктеу кезеңі

Қатысушылар саны — 106
Чемпиондар лигасының алдын ала іріктеу кезеңінде жеңіліс тапқан 3 команда
Чемпиондар лигасының бірінші іріктеу кезеңінде жеңіліс тапқан 13 команда
59 тікелей жолдама иегері
Бірінші іріктеу кезеңінің 31 жеңімпазы

Уақыты
Жеребе: 21 маусым
Алғашқы ойындар: 27 шілде
Қарымта ойындар: 3 тамыз

Формат
Екінші іріктеу кезеңі екі жолға бөлінеді
• Чемпиондар жолында Чемпиондар лигасының бірінші іріктеу кезеңінде жеңіліс тапқан 13 команда және Чемпиондар лигасының алдын ала іріктеу кезеңінде жеңіліс тапқан 3 команда бақ сынайды.
• Негізгі жолда 59 тікелей жолдама иегері мен бірінші іріктеу кезеңінің 31 жеңімпазы ойнайды.

Екі матчтың нәтижесі бойынша жеңіске жеткен командалар үшінші іріктеу кезеңіне өтеді. Жеңіліс тапқандар еурокубок маусымын аяқтайды.

Үшінші іріктеу кезеңі

Қатысушылар саны — 64
Екінші іріктеу кезеңінде (Чемпиондар жолы) жеңіске жеткен 8 команда

Чемпиондар лигасының бірінші іріктеу кезеңінде жеңіліс тапқан 2 команда
Автоматты жолдаманың 9 иегері
Екінші іріктеу кезеңінде (Негізгі жол) жеңіске жеткен 45 команда

Уақыты
Жеребе: 24 шілде
Алғашқы ойындар: 10 тамыз
Қарымта ойындар: 17 тамыз

Формат
Үшінші іріктеу кезеңі екі жолға бөлінеді

• Чемпиондар жолында Чемпиондар лигасының екінші іріктеу кезеңінде жеңіліс тапқан 8 команда және Чемпиондар лигасының бірінші кезеңінде жеңіліс тапқан 23 команда бақ сынайды.
• Негізгі жолда 9 тікелей жолдама иегері мен екінші іріктеу кезеңінің 45 жеңімпазы ойнайды.

Екі матчтың нәтижесі бойынша жеңіске жеткен командалар плей-офф кезеңіне өтеді. Жеңіліс тапқандар еурокубок маусымын аяқтайды.

Плей-офф кезеңі

Қатысушылар саны — 44
5 тікелей жолдама иегері

Үшінші іріктеу кезеңінің (Чемпиондар жолы) 5 жеңімпазы
Үшінші іріктеу кезеңінің (Негізгі жол) 27 жеңімпазы
Еуропа лигасы (Чемпиондар жолы) үшінші іріктеу кезеңінде жеңіліс тапқан 5 команда
Еуропа лигасы (Негізгі жол) үшінші іріктеу кезеңінде жеңіліс тапқан 2 команда

Уақыты
Жеребе: 7 тамыз
Алғашқы ойындар: 24 тамыз
Қарымта ойындар: 31 тамыз

Формат
Плей-офф кезең екі жолға бөлінеді

• Чемпиондар жолымен үшінші іріктеу кезеңінің (Чемпиондар жолы) 5 жеңімпазы және Еуропа лигасы (Чемпиондар жолы) үшінші іріктеу кезеңінде жеңіліс тапқан 5 команда өтеді.
• Негізгі жолда тікелей жолдаманың 5 иегері, үшінші іріктеу кезеңінің (Негізгі жол) 27 жеңімпазы және Еуропа лигасы (Негізгі жол) үшінші іріктеу кезеңінде жеңіліс тапқан 2 команда бақ сынайды.

Әр жолдың командалары бір-бірімен жұптасып, үйде және сырт алаңда ойнайды. Топтық кезеңге екі ойын нәтижесі бойынша жеңіске жеткен команда өтеді. Жеңіліс тапқандар еурокубок маусымын аяқтайды.

Comments are closed.