Jk407dov97Y

Максим Федин: «Бүгінгі ойын оңайға соқпады, алайда біз жеңіс үшін соңына дейін күрестік»

«Көк-ақтардың» жартылай қорғаушысы және қарағандылықтардың қақпасына жеңісті голды соққан ойыншы «Ордабасы» — «Шахтер» матчы (1:0) жайлы пікірін айтты

— Бірінші кезекте барша Шымкентті, жанкүйерлерімізді жеңіспен құттықтаймын! Бүгін үлкен мереке, тамаша атмосфера мен стадиондағы жарқын қолдаулар болды. Жеке мен, онымен қоса барлық команда осы қолдауды сезіндік, бұл бізді алға жетелейді және аяқтарымыз өздері жүгіреді десек те болады. Бүгінгі ойын оңайға соқпады, алайда біз жеңіс үшін соңына дейін күрестік және қажетті нәтижеге қол жеткіздік. Аллаға шүкір, бүгін жеңіске жеттік, баршаңызды тағы да жеңіспен құттықтаймын!

Comments are closed.