Изображение WhatsApp 2024-05-30 в 20.47.42_3cb1ff12

«Ордабасы» клубының президенті Асхат Сейсембек «Техас Fans» фанаттарымен кездесті

Кездесуге Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Маратбек Сәменбекұлы да қатысты.

Жиын барысында түрлі мәселелер талқыланып, туындаған барлық мәселе шешімін тапты. «Клубқа жанкүйерлер керек емес» деген қауесет сейілді. Марат Сәменбекұлы жанкүйерлердің клубтық матчтарға баруына тыйым салу мәселесі көтерілмейтініне тоқталып, бәрін бірлесе жұмыс істеуге шақырды. Осылайша, барлық келіспеушіліктер бейбіт жолмен шешілді.

Фан-клуб команданың ажырамас бөлігі болып қала береді. Бірге командамызға қолдау көрсетіп, болашақты бірге құруды жалғастырамыз.

Comments are closed.