b7f9af403c8db8f59169e11500a48eee

Қазақстан чемпионатының «Ордабасы» — «Оқжетпес» ойынының өту күні өзгерді

Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасының Әкімшілігі 18-20 мамыр аралығында Шымкент қаласындағы Қажымұқан атындағы стадионда халықаралық жеңілатлетикалық турнирдің өтуіне байланысты,«Ордабасы» клубының өтінішін ескеріп, «Оқжетпес» футбол клубының тиісті келісімімен Қазақстан OLIMPBET-Чемпионатының X турының «Ордабасы» — «Оқжетпес» ойынын 2023 жылдың 20 мамырынан аталмыш айдың 21 жұлдызына ауыстыру туралы шешім қабылдады.

Comments are closed.