2DBF365E-7722-4280-ACE0-483A4FEDE20B

Қазақстан OLIMPBET-Чемпионатының I туры Тимур Сегізбаевты еске алуға арналады

2023 жылғы Қазақстан OLIMPBET-Чемпионатының I туры Қазақстандық футболшы және бапкер Тимур Санжарұлы Сегізбаевтың құрметіне өтеді.

Футболшы ретінде Сегізбаев 19 жасында КСРО чемпионатында дебют жасап, «Қайрат» сапында өнер көрсетті. 1963 жылы Одақ Кубогының жартылай финалына командамен шыққаны үшін КСРО спорт шебері атағын алды. 6 жыл қатарынан команда капитаны болды.

Мансабын аяқтағаннан кейін «Автомобилист» (Қызылорда), «Шахтер» (Қарағанды), «Қайрат» (Алматы), Йемен құрамасын, «Мелиоратор» (Қызылорда) командаларында бапкер ретінде жұмыс жасады.

1989 жылдан бастап 2001 жылға дейін еліміздің футбол федерациясының вице-президенті, бас хатшысы және президенті болып қызмет атқарды.

2017 жылдың 15 желтоқсанында Тимур Санжарұлы өзірден озды.

Comments are closed.