Аккредитациядан өту үшін ordabasypress@gmail.com электронды пошта мекенжайына өтінім жіберу керек.
Өтінімде келесі мәліметтер болуы тиіс:
— Ұйымның атауы;
— кандидаттың толық аты-жөні және лауазымы;
— байланыс ақпарат (электрондық пошта мекенжайы және ұялы телефон нөмірі);
— өтінім ресми бланкіде бас редактордың немесе ұйым басшысының қолымен ұсынылуы керек.
Өтінімдерді қабылдау мерзімі — 2024 жылдың 29 ақпанына дейін.
БАҚ-ты аккредиттеу квотасы келесідей:
— Баспа БАҚ үшін: 1 журналист және 1 фотограф.
— Теле және радио арналар үшін: 2 журналист және 1 оператор.
— Ақпараттық агенттіктер үшін: 1 журналист және 1 фотограф.
— Электрондық БАҚ үшін: 1 журналист және 1 фотограф.