iScreen Shoter - 2022-10-18 11:18:46.674

«Шымкент» әйелдер футбол клубы — 2022 жылғы Қазақстан чемпионы.

Шымкенттік команда 11-ші мәрте осы жүлдені жеңіп отыр.

«Ордабасы» — «Шахтер» ойынының үзілісі кезінде Қажымұқан атындағы Орталық стадионда спортшыларды марапаттау рәсімі өтті. Оған Шымкент қаласының әкімі Мұрат Айтенов пен ҚФФ президенті Әділет Барменқұлов қатысты.

Сонымен қатар «чемпионаттың үздік қақпашысы» атағын «Шымкент» ойыншысы — Оксана Железняк жеңді, ал Гүлнара Габелия турнирдің үздік ойыншысы атанды.

Обсуждение закрыто.