«Ордабасы» қорғаушысы Ғафуржан Сүйімбаев Meta-ratings.kz басылымына берген сұхбатында чемпиондық алғаннан кейінгі әсерімен бөлісті.
– Барлық шымкенттіктерді титулмен құттықтаймын! Көптен күткен чемпиондық! Жанкүйерлеріміз соңына дейін бізге сенді. Жеңісті жанкүйерлерге арнағым келеді!
Туған қаламның атынан чемпион атану — ерекше сезім. «Ордабасымен» чемпион болу — бала кездегі арманым. Құдайға шүкір, қаланы қуантып, чемпион атандық!