Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасы OLIMPBET-Чемпионатының бапкерлері мен капитандары арасында 2023 жылғы мамыр айының үздік бас бапкері мен ойыншысын анықтау мақсатында сауалнама өткізді.
Сауалнама қорытындысы бойынша мамыр айында «Ордабасы» мен Қазақстан ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Асхат Тағыберген еліміздің үздік футболшысы атанды. Асхатты сауалнамаға қатысқан 28 респонденттің 16-сы бірінші ойынға қойды. Тағыберген мамыр айындағы ойындарда 3 гол соғып, 4 нәтижелі пас берді.
«Ордабасының» бас бапкері Александр Седнев әріптестерінің қолдауымен өткен айда үздік атанды. Шымкенттік команда мамыр айында бес ойыннан тұратын жеңіс сериясынақол жеткізді. Олар чемпионат 4 рет және кубокта 1 рет жеңіске жетті. Седневке өз дауыстарын 13 әріптестің 9-ы берді.