conference-league-blog

УЕФА Конференция лигасы: Ықтимал қарсыластар

Футболдан УЕФА Конференция лигасындағы шымкенттік «Ордабасының» ықтимал қарсыластары анықталды.

OLIMPBET-Қазақстан Кубогының иегері статусында «Ордабасы» Конференция лигасын екінші іріктеу кезеңінен бастайды.

Жарысты екінші кезеңнен бастайтын командалар: «Брюгге» (Бельгия), «Базель» (Швейцария), «Гент» (Бельгия), «Фенербахче» (Түркия), ЧФР (Румыния), «Митьюланнд» (Дания), ПАОК (Грекия), «Маккаби» (Тель-Авив, Израиль), «Виктория Пльзень» (Чехия), «Будё-Глимт» (Норвегия), «Лех Познань» (Польша), «Хапоэль» (Беэр-Шева, Израиль), «Юргорден» (Швеция), АПОЭЛ (Кипр), «Бешикташ» (Түркия), ЦСКА (София, Болгария), «Твенте» (Нидерланд), «Риека» (Хорватия), «Витория» (Гимарайнш, Португалия), ФКСБ (Румыния), «Легия» (Польша), «Русенборг» (Норвегия),«Спартак» (Трнава, Словакия), АЕК (Ларнака, Кипр), «Омония» (Никосия, Кипр).

Бірінші іріктеу кезеңіне қатысатын командалар:  «Ф91 Дюделанж» (Люксембург), «Рига» (Латвия), «Марибор» (Словения), «КуПС» (Финляндия); «Шкендия» (Солтүстік Македония), «Нефтчи» (Әзербайжан), «Линфилд» (Солтүстік Ирландия), «Вадуц» (Лихтенштейн), ДАК 1904 (Словакия), «Дандолк» (Ирландия), «Осиек» (Хорватия), «Пюник» (Армения), «Алашкерт» (Армения), «Сутьеска» (Черногория), «Хиберниан» (Шотландия), «Шкупи» (Северная Македония), «Арис» (Грекия), «Сараево» (Босния және Герцеговина), «Аустрия» (Австрия), РВШ (Латвия).

Comments are closed.